EducationUSA ақпараттық-кеңес беру орталықтары

Қазақстандағы EducationUSA – АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Білім және
Мәдениет Байланыстары бойынша Бюросының қолдауымен жұмыс істейтін
дүниежүзіндегі жүздеген кеңес беру орталықтарының бірі болып табылады.

EducationUSA орталығының міндеті – дүниежүзінде Америкалық жоғары білімді
түсіндіріп тарату, сонымен қатар АҚШ оқу орындары туралы және АҚШ-та студенттер
үшін білім алу мүмкіндіктері бойынша нақты, әділ, объективті әрі уақытылы мәлімет
беру болып табылады.

Қызығулышық білдірген студенттер орталыққа келіп немесе қашықтықтан онлайн
ақпараттық ресурстар мен қызметтерді тегін пайдалана алады.

Біздің тегін қызметтеріміз:

  • Апталық презентациялар

  • Жеке және топтық кеңес беру

  • Университетті таңдау бойынша кеңес беру

  • Қаржылай көмек және шәкіртақы түрлері бойынша кеңес беру

  • Эссе және мотивациялық хат жазу туралы сабақтар

  • IELTS, SAT және GRE бойынша сынама тестілер

  • TOEFL, IELTS, SAT, SAT subject, GRE, GMAT тестілері бойынша кітаптарды жалға
    алу

  • Оқушыларға арналған Клуб

  • Модульдық үлгідегі сабақтар (онлайн)

  • АҚШ-қа студенттік виза алу жайында кеңес беру

Толық мәліметті біздің жергілікті сайтымыз www.EducationUSAKazakhstan.kz және
ғаламдық сайтымыз https://educationusa.state.gov/ таба аласыз.